ӘЙЕЛДЕРГЕ ҰНАЙТЫН ЕРЕКШЕ ӨНІМ

0
113

Текелі қаласының кәсіпкері Жанна Жаңабаева экологиялық таза, бірегей өнім «Гидролат» өндіруді қолға алды.

Оның айтуынша, өнімді екі жыл бойы үйде өндірген. Содан сұранысқа ие болып, Жанна Жаңабаева өз ісін кеңейтуді ойлайды. Түпкі ойын жүзеге асыруда Кәсіпкерлер палатасынан қолдау алып, өткен жылы «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысуға мүмкіндік алды. Осылайша гидролат өндірушісі үздік ондыққа кірді.
Жобаға қатысқаннан кейін іскер әйел одан әрі дамудың болашағы бар екенін түсінді. Жанна Жаңабаева грант алу конкурсына қатысып, ағымдағы жылы 400 АЕК мөлшерінде грант жеңіп алды. Экоөнім өндіру бойынша шағын цех ашып, жұмысшылар құрамын ұлғайтты. Бүгінгі таңда цехта төрт адам жұмыс істейді. Өнімдер шағын қалада ғана емес, бүкіл облыс аумағында сатылады.
Спрей жасау үшін кәсіпкер жергілікті шикізатты – көкөністерді, жемістерді, дәрілік шөптерді пайдаланады. Сондай-ақ, оның дүкенінен ашытылған шай, кептірілген шөптер, алма сірке суы, қолдан жасалған сабын сатып алуға болады.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев Жанна Жақсылыққызына жаңа мақсаттарға қол жеткізуде табыс тіледі. Іскер әйелдің өнімдері жақын арада халықаралық нарыққа шығады деген үміт бар.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ