ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

0
226

Талдықорған қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орталық әмбебап кітапханасында жазушы Қанат Әбілқайырдың «Ағыраптағы аты жоқ адам» кітабының таныстырылымы өтті.

Іс-шараға ақын-жазушылар мен кітапсүйер оқырмандар қатысты. Шарада «Ағыраптағы аты жоқ адам» романының қысқаша мазмұны таныстырылып, тұсауы кесілді. Сонымен қатар, «Ағыраптағы аты жоқ адам» романын оқыған оқырмандар алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің сауалдарын қойды.
Кітаптың қалай жазылғаны жайында жазушы Қанат Әбілқайыр: «Әдеби шығарма жазу қажет шығар деп ойлап жүрдім. Кейін шешім қабылдап сегіз, тоғыз адаммен сөйлесіп шықтым. Басынан өткен қилы тағдырларды жазып, кейіпкерлердің ойша мінезін құрып жүргенде, бір жігіттің жындыханада екенін естіп, онымен жолығуға бардым. Сөйлесе келе тағдырының өте ауыр екенін білдім. Сол жігіттің келбетін ашу үшін 32 жындымен бетпе-бет сөйлестім. Сол бір адамның көрінісі үшін осыншама ақыл есі кем адамдармен сөйлесуге тура келді», – дей келе романды жазу оңайға түспенгенін айтты.
Әдеби кеште «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары Талғат Батырхан, белгілі айтыскер ақын, «Алатау» газетінің бас редакторы Айтақын Бұлғақов сөз алып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Жазушымен болған әдеби кешті ақын Сағыныш Намазшамова жүргізді.

З.БЫЖЫБЕК.


ПІКІР ЖАЗУ