ЖЕРЛЕСТЕРІ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

0
189

Жетісу облысы Панфилов ауданында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевты жерлестері зор қуанышпен қарсы алды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Франциядан елге оралған бетте туған жеріне арнайы атбасын тіреген даңқты палуан Жаркент қаласының орталық алаңында халықтың ыстық ықыласына бөленді. Кездесуге мыңнан астам халық жиналды. Спортшыны қарсы алуға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, аудан әкімі Марат Сағымбек, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, палуан Нұрбақыт Теңізбаев, ардагерлер, жастар, жалпы аудан тұрғындары келді.
Жүздесуде Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқтарбай Керімқұлов, спортшы Нұрбақыт Теңізбаев чемпионды Париж Олимпиадасындағы айтулы жеңісімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Тұрғындардың ықыласына бөленген Д. Жадыраев Париж төріндегі белдесу кезінде қазақстандық жанкүйерлердің, соның ішінде туған елінің ақ тілеуі өзіне күш бергенін айтып, құшақ ашып қарсы алған жерлестеріне алғыс айтты.
Кездесуде Демеуге автокөліктің кілті сыйға тартылды. Олимпиаданың күміс жүлдегерінің алғашқы бапкері Жұмахан Тұрғамбеков пен жеке бапкері Боранбек Қоңыратовқа да автокөлік кілті табысталды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ