ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ МӨЛШЕРІ ҚАНШАҒА ӨСТІ?

0
33

Елімізде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бас-тап зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері өсті. Пайыздық көрсеткішпен есептегенде зейнеткерлерге 8,5% қосылса, мемлекеттік жәрдемақы алатын азаматтарға өтемақы 6,5%-ға дейін көтерілген.

Ресми деректерге сәйкес, базалық зейнетақы 32 мың теңгені құраса, төменгі зейнетақы мөлшері 62 мың теңгеге жетті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры Асқар Аймағамбетовтың айтуынша, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тиісті әлеуметтік төлемдерге 6 трлн. қаражат қарастырылуда. Зейнетақы төлемдеріне 2,5 млн. зейнетақы алушылар болса, қалған 2 млн-нан астамы мүгедектігіне байланысты, асырап алушысынан айырылғандарға, көпбалалы аналарға бөлінетін төлемдер ретінде жоспарланған.
Бала туылғанда берілетін бір реттік жәрдемақының мөлшері 1,2,3 баланы дүниеге әкелгендерге 2024 жылы 140 296 теңгені құраса, биыл 149 416 теңгеге өсті. Дәл солай 4 немесе одан көп мәрте сәби туылған жағдайда өткен жылы 232 596 теңге төленсе, биыл ол сомма 247 716 теңгеге көбейді.
Көпбалалы отбасыларға бері-летін ай сайынғы жәрдемақының ең төменгісі 2024 жылы 59 183 теңге болса, бұл қаржы биыл 63 030 теңгеге жоғарылады. Ал 10 балаға дейні берілетін қаржы 147 680 теңгеден 157 280 теңгеле артты.
Бұдан бөлек, мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақы мөлшерінде де өзгерістер бар. I топ мүгедектігі бар азаматтарға өткен жылы 95 496 теңге төленсе, биыл 101 702 теңге қаражат ай сайын төленетін болады. Салыстырмалы түрде II және III топ мүгедектігі бар жандарға өткен 2024 жылы 76 397 теңге (II топ) немесе 52 089 теңге (III топ) болса, ағымдағы 2025 жылы 81 362 теңге (II топ) мен 55 474 теңгеге (III топ) дейін көбейтілді.
Бюджеттің өткен жылғы табысы өте төмен болғандықтан 3 трлн-ға жуық ақша мемлекет қазынасына түспеген. Сондықтан ең төмен жалақы мөлшері өзгермеді. «Бірақ кәсіпкерлер жалақыға қарамастан, өздерінің жалақысын көтере беруі мүмкін, ал бюджеттегілер бірқалыпты қалады деп есептейміз. Сондықтан біз бюджеттің табысын көбейтуіміз керек», — дейді экономист Сапарбай Жобаев.
Автордан: Ойлана келе, зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері көбейгені әрине жақсы жаңалық. Алайда бұл қосылған азын-аулақ қаржының салдары халық қалтасына салмақ салатын қымбатшылықтың ұлғаюына әкеліп соғары сөзсіз. Бұл атаулы мәселеге мемлекет тарабы ойланып маңызды шаралар жүргізсе дейміз. Себебі азық-түлік пен коммуналдық төлемдердің өсуі қосылған 5-10 мың теңгенің жартысына да татымай қалары анық.

Гүлнұр БАЙМҰХАН


ПІКІР ЖАЗУ