ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫМЕН КЕЗДЕСУ

0
23

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының жаңа құрамының қатысуымен баспасөз отырысы өтті.

Басқосуда спикер ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Асылбек Боранбай мен Жомарт Зейнәбіл, Қазақстанның халық әртісі Дулыға Ақмолда, ҚР мәдениет саласының үздігі Гүлбахрам Байбосынова, «Дарын» мемлекеттік жа

стар сыйлығының лауреаты Әсет Есжан театр өнері мен Жетісу өңіріндегі жұмыс барысы қалай жүргізілетіні жайлы баяндама жасады.

Қазақстанға есімі танымал әртістердің өнерін енді Талдықорған жұртшылығы да тамашалай алады.Кездесу барысында театр құрамын жоғарыда аты аталған елге танымал дарынды актерлар қатарымен толықтырудың қалай жүргізілгені жайлы театр басшысы Ерлік Жуасбекпен әңгіме өрбіді. Сонымен қатар,театр әртістері жаңа сахнаға келудегі мақсаттары мен шығармашылық  ізденістерімен бөлісіп, екі бөлек қаладағы  жұмысты алып жүрудің шамадан тыс ауыртпашылығы жоқ деген сенімде екенін айтты.

Іс-шара барысында жаңа актерлердің театр ұжымымен танысып, алдағы күндерге арналған шығармашылық жоспарлары мен көрермен көзайымына айналған «Сюрприз» спектакліне дайындық барысы талқыланды.Кездесуден кейін кешкі 19:00 де Б.Римова атындағы театр сахнасында жаңа құрам қойылымды барша өңір тұрғындарының назарына ұсынып, көрермен тарапынан толассыз қошеметке бөленді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

Сурет авторы: Жеңіс ЫСҚАБАЙ


ПІКІР ЖАЗУ