ӨМІРІ КӨПКЕ ӨНЕГЕ

0
30

Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында еңбек ардагері, мәдениет саласының көрнекті өкілі Дина Нұрғалиқызының 85 жылдық мерейтойы аталып өтті. «Өмірі көпке өнеге» атты кешке зиялы қауым өкілдері, әріптестері мен шәкірттері, сондай-ақ Жетісу облысының мәдениет саласының беделді тұлғалары жиналды.

Шараның алғашқы бөлімінде Дина Нұрғалиқызының өмірі мен өнер жолы туралы деректі фильм көрсетіліп, көпшілікке оның мәдениет саласындағы еңбегі таныстырылды. Кеш барысында той иесі Дина Нұрғалиқызы Жетісу облыстық филармониясының Дәнеш Рақышев атындағы «Жетісу сазы» ансамблінің сүйемелдеуі мен халық әндерін орындады.
Салтанатты жиында келген қауым ізгі тілектерін білдірді. Соның ішінде Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов мерейтой иесіне арнайы құттықтау сөз арнады:
– Дина Нұрғалиқызы – Жетісу өңірінің мәдениет майталмандарының ұстазы, тәлімгері, жол көрсетушісі. Өнерге жанашырлық танытып, мәдениет саласына өлшеусіз үлес қосқан ардагер. Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы мен Бекен Римова атындағы драма театры сияқты нысандарға басшылық жасап, ұлттық құндылықтарды насихаттау жолында аянбай еңбек етті. Бүгінде зейнет жасына шыққанымен, қоғамдық жұмыстан қол үзбей, облыстық ардагерлер ұйымының белсенді мүшесі ретінде жастардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз! — деп тілек білдірді.
Дина Нұрғалиқызының 85 жылдық мерейтойына арналған кеш жылы лебіздер мен естеліктерге толы болды.
Газеттің келесі санында Дина Нұрғалиқызы туралы толығырақ.

Зарина МАНАРБЕКҚЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ