ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАҢА ДЕПУТАТЫ САЙЛАНДЫ

0
19

Екатерина Смолякова Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің жаңа депутаты болып сайланды. Ол – Respublica партиясы фракциясының өкілі. Ақпан айының 26-сы күні мәжіліс депутаты ретінде ант қабылдаған ол, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болып сайланды.

Белгілі болғандай, Екатерина Смолякова Қазақстан-Британ техникалық университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары бойынша проректоры қызметін атқарған.
Сонымен қатар, ол Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров университетінің түлегі, әрі «Жалпы қазақ тілі» және «Академиялық қазақ тілі» пәндері бойынша оқытушылық қызметпен айналысқан.
Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Руслан Берденовтің өкілеттіктері Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалуына байланысты тоқтатылған болатын.
Жаңа қызметі арқылы Екатерина Смолякова Қазақстандағы әлеуметтік-мәдени даму мәселелеріне ықпал етіп, қоғамның әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды іске асыруға күш салатын болады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ