М.МАҚАТАЕВТІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

9 сәуір күні Талдықорған қаласы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Жетісу облысы «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ұйымдастыруымен М. Мақатаевтің өлеңдеріне жазылған «Армысыңдар, адамдар!» облыстық әншілер байқауының гала-концерті өтті.
Бұл байқаудың ақырғы кезеңі ретінде ұйымдастырылған. Байқау облыс көлемінде өткендіктен Жетісудың түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар ақынның өлеңдерінен жыр шумақтарын төгіп, ән шырқады. Концерт соңында әділқазы алқалары жеңімпаздарды алғыс хат, ақшалай сыйлықтар және жүлделі орындармен марапаттады. Байқау қорытындысы бойынша 3-орынды Панфилов ауданы, Сейтқожа Әліби 100 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталса, жүлделі 2-орынды Сарқан ауданының жас өнерпазы Айгерім Нұрмұхамедова 150 000 теңгемен марапатталды. Ал 1-орын иегері болып Текелі қаласынан Құрманалиев Сапармұрат 250 000 теңгені иеленді. Байқаудың жарық жұлдызы Алакөл ауданының дәстүрлі әншісі Ерасыл Қабдығалиев бас жүлде 300 000 теңгені қанжығасына байлады. Қазылар алқасының төрағасы Әміре Әрін байқаудың алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатынын әрі бұдан да ауқымды әрі жоғары деңгейде өтетінін хабарлады.
Талшын ЕРЛАНҚЫЗЫ