ЖЕТІСУЛЫҚ ШЕКРАШЫЛАР УЛЬТРАМАРАФОН ӨТКІЗДІ

0
49

ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаментінің шекарашылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ультрамарафон жүгірді.

80 шақырымдық марафон «Қарақұм» шекара бөлімшесінен басталып, Жаркент қаласының орталық алаңында аяқталды. Бірнеше қашықтыққа жүгірген офицерлер: Асқар Талғатов, Ернар Исанов, Абай Сапаров және Тасқын Хамитжановты жеке құрам салтанатты түрде қарсы алды.
Таңғы сағат 4:00-де басталған марафон табиғаты қатал аймақтарды басып өтті. Қатысушылар «Қарақұм» шекара бөлімшесі аумағындағы құмды жоталар мен тығыз бұталар секілді қиын жерлерді еңсеріп, өздерінің табандылығы мен патриотизмдерін көрсетті.
Іс-шара барысында ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш жанында шекара қызметінің ардагері Георгий Полусмаков марафоншыларға алғысын білдіріп, мамыр мерекелерімен құттықтап, әрбір отбасыға бейбіт өмір, амандық пен өркендеу тіледі.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ