«Іле» шекара бөлімшесінің жеке құрамы – салауатты өмір салтының жақтаушылары
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Іле» шекара бөлімшесінің жеке құрамы салауатты өмір салтын ұстануды басты қағида ретінде қабылдаған. Әскери қызметкерлер үшін денсаулық – Отан алдындағы борышты адал атқарудың кепілі. Сол себепті бөлімше жеке құрамы күнделікті қызметінде де, бос уақытында да спортпен шұғылданып, зиянды әдеттерден аулақ болуға ерекше көңіл бөледі.
Салауатты өмір салты – тек физикалық дайындық қана емес, сонымен бірге рухани және моральдық тұрақтылықты қалыптастырады. «Іле» шекара бөлімшесінде түрлі спорттық жарыстар, эстафеталар мен турнирлер ұйымдастырылып, әскери ұжымдағы достық пен бірлікті нығайтады. Мұндай шаралар жас сарбаздардың өзара ынтымағын арттырып қана қоймай, олардың қызметке деген жігерін де күшейтеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті