«Қарақұм» шекара бөлімшесі – салауатты өмір салтын ұстану үлгісі
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қарақұм» шекара бөлімшесінің жеке құрамы салауатты өмір салтын қолдауды күнделікті қызметімен ұштастырып келеді. Әскерилер үшін мықты денсаулық пен жоғары физикалық дайындық – мемлекеттік шекараны қорғаудағы ең басты шарттардың бірі. Осы мақсатта бөлімше сарбаздары спорттық жаттығулар мен белсенді демалысты өздерінің өмірлік әдетіне айналдырған.
«Қарақұм» шекара бөлімшесінде тұрақты түрде спорттық сайыстар, эстафеталар, әскери көпсайыс және жүгіру жарыстары өткізіліп тұрады. Бұл шаралар жеке құрамның төзімділігі мен ептілігін арттырып қана қоймай, ұжым арасындағы ынтымақ пен өзара қолдауды нығайтады. Сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дәрістер мен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті