Шекарашылардың мерекесіне арналған концерт өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы Жаркент қаласының мәдениет үйінде Шекара қызметінің құрылғанына 33 жыл толуына арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастыры.
Салтанатты шараға шекара басқармасының жеке құрамы, ардагерлер мен қонақтар қатысты. Концерт барысында Отан қорғаушылардың ерлік дәстүрін дәріптейтін патриоттық әндер шырқалып, театрландырылған қойылымдар көрсетілді.
Мерекелік іс-шара шекарашылардың бойында патриоттық рухты нығайтып, мемлекеттік шекараны қорғау жолындағы жауапты қызметке деген мақтаныш сезімін арттыруға арналды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Жетісу облысы бойынша депаратаменті