ӘРІПТЕСТІКТІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

0
33

Өңірдегі білім ордасы Жетісу университетінде English Language Fellow бағдарламасы аясында АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы өкілдерімен маңызды кездесу өтті. Шара Гуманитарлық факультетіне қарасты шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының аталған халықаралық бағдарламаға іріктелуіне орай ұйымдастырылды.

Халықаралық конкурс нәтижесінде унивеситет қабырғасына бір академиялық жылға Georgetown University оқытушысы, американдық ерікті маман Bronwyn Schieber шақыртылды. Жиында сөз алған маман өзінің білім беру саласында 15 жылдық тәжірибесі барын, осыған дейін Корея мемлекетінде және басқа да әлем елдерінде түрлі ұлттағы студенттерге сабақ бергенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, Қазақстан мемлекетінде және қазақ білімгерлеріне дәрістер өткізу оның еңбек жолындағы алғашқы тәжірибесі болмақ.
Кездесуге Консулдықтың Қоғамдық дипломатия бөлімінің өкілдерімен қатар Жетісу облыстық білім басқармасы да қатысты. Тараптар бірлескен жобалар, ағылшын тілін оқыту сапасын арттыру және халықаралық байланыстарды дамыту тақырыптарында емен-жарқын әңгіме өрбітті.
Жиын соңында АҚШ делегациясы Ермек Бөрібаевқа Georgetown университетінің естелік кітабы мен кепкасын тарту етті. Университет атынан қонақтарға да арнайы сыйлықтар ұсынылды. Іс-шарадан кейін қонақтар университет кампусын аралап, білім ордасының инфрақұрылымымен танысты.

Гүлнұр БАЙМҰХАН


ПІКІР ЖАЗУ