Шекарашылар қаза тапқан қаруластарын еске алды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы еске алу шарасын өткізді.
Іс-шара 2009 жылы Өгем шатқалындағы таулы аумақта жауынгерлік тапсырманы орындау барысында апатқа ұшыраған тікұшақтан қаза тапқан шекарашылардың рухына арналды.
Шекарашылар қаза болған жауынгерлерді еске алып, олардың ерлігі мен Отан алдындағы адалдығының мәңгі өшпейтінін атап өтті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті