Құқықтық түсіндіру шаралары өтті

0
66

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында «Заң және Тәртіп» идеологиялық бағдарламасы аясында түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды.
Шара ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтті.
Кездесу барысында әскери қызметшілерге eGov mobile мобильді қосымшасы мен мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы — GOV.KZ интернет-ресурсы таныстырылды. Сонымен қатар жеке құрамға азаматтарға заң тұрғысынан көмек көрсететін жаңа бағыттар туралы ақпарат берілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті