ҮШАРАЛ ШЕКАРА ЖАСАҒЫНА — 60 ЖЫЛ

0
60

Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет үйінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының құрылғанына 60 жыл толуына орай «Үшарал шекара жасағының қалыптасуы мен дамуының тарихи аспектілері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты — Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының жауынгерлік қызметі мен тарихын кеңінен таныстыру, сондай-ақ жастар арасында әскери қызметтің беделін арттыру болып табылады.
Іс-шара барысында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, шекарашы ардагерлер, ҚР ҰҚК Шекара академиясының ғалымдары баяндама жасап, шекара қызметінің тарихы мен бүгінгі жетістіктері жайлы ой бөлісті. Конференция жұмысына университет пен колледж студенттері және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Ғылыми-практикалық конференция соңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті