8 ОБЛЫСТЫҢ ПРОКУРОРЫ АУЫСТЫ

0
19

Қазақстанда бірқатар облыстардың прокурорлары ауысты. Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен Құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы, ал Бас көлік прокуроры болып Жүйріктаев Берік Қуанышбекұлы тағайындалды.

Аумақтық прокурорлар арасында да ротация жүргізілді. Жетісу облысының прокуроры ауысып, өңірдің жаңа бас прокуроры болып Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы тағайындалды. Ол осыған дейінгі қызметінде кәсіби тәжірибесімен және құқықтық саладағы жоғары біліктілігімен танылған.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының прокуроры – Нұрбек Ұласбекұлы, Маңғыстау облысының прокуроры – Серікқали Құшалиев, Атырау облысының прокуроры – Мадияр Басшыбаев, Жамбыл облысының прокуроры – Берік Әбілов, Қостанай облысының прокуроры – Марат Сексембаев, Павлодар облысының прокуроры – Алмат Байшолақов, Шығыс Қазақстан облысының прокуроры – Тимур Сүлейменов болып тағайындалды.
Сондай-ақ, қыркүйек айының соңында Мемлекет басшысының өкімімен Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»