«ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ-ОТАНШЫЛДЫҚ КЕПІЛІ АТТЫ ТАНЫСТЫРУ ШАРАСЫ
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қорғас» шекара бөлімшесінде Жаркент қаласындағы Б. Момышұлы атындағы орта мектептің 10-сынып оқушылары және «Жас шекарашы» үйірмесінің мүшелерімен «Патриоттық тәрбие — отаншылдық кепілі» тақырыбында іс-шара өтті.
Шара барысында оқушыларға әскери қызметшілердің күнделікті тұрмысы мен жауынгерлік қызмет атқару ерекшеліктері таныстырылып, шекарашы мамандығының абыройлы міндеттері туралы түсіндірілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті