ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

0
35

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының оқу-жаттығу үйрету кавалериялық тобының офицері аға лейтенант Н.Нұрғали Текелі қаласы және Ескелді ауданы бойынша білім мекемелерінің 11-сынып оқушыларымен «Әскери жоғары оқу орындарына түсу» тақырыбында кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізді.
Кездесу барысында офицер оқушыларға әскери қызметтің маңыздылығын, әскери жоғары оқу орындарына қабылдау талаптарын және Шекара қызметіндегі қызметтің ерекшеліктерін түсіндіріп өтті. Іс-шара жастардың Отан қорғауға деген қызығушылығын арттыруға және болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беруге бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті