«ЕЛТІНДІ БАТЫР» МЕКТЕБІНДЕ ӘСКЕРИ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ТҮСУ ЖӨНІНДЕ КӘСІПТІК БАҒДАР САҒАТЫ ӨТТІ

0
30

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесі бастығының орынбасары лейтенант Б.Нарынбаевң Алмалы ауылының «Елтінді батыр» орта мектебінің 10–11 сынып оқушыларымен «Оқушыларды жоғары әскери оқу орындарына түсу» тақырыбында кәсіптік бағдар беру сағаты өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға әскери мамандықтардың ерекшеліктері, әскери оқу орындарына түсу тәртібі мен талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ лейтенант Б.Нарынбаев шекарашылардың қоғамдағы маңыздылығын атап өтіп, жастарды отансүйгіштікке, тәртіп пен жауапкершілікке шақырды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті