ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР – БАЛАЛАР ЖЕҢІСІНІҢ БАСТАУЫ

0
43

Же

Жетісу облысында өткен «Тең мүмкіндіктер» атты балалар инклюзивті спорт фестивалі – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жігері мен табандылығын көрсеткен маңызды әлеуметтік жоба болды.

Фестиваль аясында жарыстар бочча, жеңіл атлетика және көңілді старттар бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Оған 3–4, 5–6 және 7–8 сынып оқушылары қатысып, спорт арқылы өз қабілетін дәлелдеп, өз-өзіне сенудің нағыз үлгісін көрсетті. Бұл жарыс тек медаль үшін күрес емес, адам рухының, тең мүмкіндіктің және инклюзияның жеңісі ретінде есте қалды.

Жарыс қорытындысы бойынша:
🏆 І орын – Талдықорған қаласының командасы,
🥈 ІІ орын – Ақсу ауданының командасы,
🥉 ІІІ орын – Кербұлақ ауданының қатысушылары иеленді.

Барлық қатысушылардың жетістігі – олардың еңбегінің, сенімінің және бірлігінің нәтижесі. Балалардың спортқа деген құштарлығы мен жеңіске ұмтылысы – қоғамға үлкен үлгі.

Осындай шаралар арқылы қоғамда тең мүмкіндік қағидаты нығайып, ерекше балалардың әлеуетін дамытуға жол ашылады. Бұл – инклюзивті қоғам қалыптастырудың нақты көрінісі.

«AMANAT» партиясы инклюзивті білім мен спортты дамыту, ерекше балалардың әлеуетін ашу және оларды қоғам өміріне толыққанды араластыру бағытындағы бастамаларды әрдайым қолдайды.

«Бүгін біз балалардың бойындағы нағыз ерік-жігер мен өмірге деген сүйіспеншілікті көрдік. Осындай фестивальдер – қоғамдағы тең мүмкіндіктің, қамқорлық пен мейірімнің нақты көрінісі. әр баланың өз қабілетін жүзеге асырып, бақытты өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төраға орынбасары Асхат Досмұхамбетов.

Әр баланың жүрегінде үміт, әр қадамында жеңіс бар.
Біз – сол жеңістерге сенетін және демеу болатын қоғамбыз.