САРБАЗДАРДЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАРСЫ АЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

0
35

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында “Көктем–2025” шақырылымындағы сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алу шарасы өтті.
Іс-шара барысында жас сарбаздарға әскери борышын абыроймен атқару, Отан алдындағы антына адал болу жөнінде айтылды. Сарбаздардың жауынгерлік қызметі ендігі кезекте шекара бөлімшелерінде жалғасатын болады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті