ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы Алтыүй ауылының тұрғындары және жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты — ҚР ҰҚК Шекара академиясына оқуға үміткерлерді үгіт-насихаттау және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау мүмкіндіктерін түсіндіру болды. Әскери қызметтің артықшылықтары, әлеуметтік қолдау шаралары, мансаптық өсу перспективасы мен Шекара академиясына түсу талаптары кеңінен түсіндірілді.
Аталған іс-шара ауыл жастарының әскери мамандыққа қызығушылығын арттыруға және болашақ шекарашылар қатарын толықтыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
