ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының аға офицері майор Н.Жасұлан мен кіші сержант Д.Иманбаева Сарыөзек қаласында ҚР Қорғаныс министрлігінің 29108 және 12704 әскери бөлімдерінің мерзімді әскери қызметшілерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ҚР ҰҚК Шекара академиясына түсу тәртібі, қабылдау талаптары және келісімшарт бойынша әскери қызметке шақыру бағытында жан-жақты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
