ЖАСТАР САЯСАТЫНА ҚАТЫСТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
23

Еуропалық Одақ қолдауымен «Салауатты болашақ: Жетісу өңірінде Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қоғамдық мониторинг» жобасы аясында мемлекеттік органдардың, партиялардың, ҮЕҰ өкілдерінің, белсенді жастардың қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Жиынды «Қос Қанат Жетісу» ҚБ жетекшісі Елена Радионова ашты.

Жобаның үйлестірушісі Елена Пискунова жобаның нәтижелеріне шолу жүргізді. Жетісу жастары арасында жүргізілген сауалнамалар, дене шынықтыру белсенділігінің деңгейін бағалау, спорт нысандарының қолжетімділігі, сондай-ақ қоғамдық мониторинг барысында анықталған мәселелер мен заң бұзушылықтар бойынша сараптамалық қорытынды жасады. Жоба сарапшысы Жанат Төлемісова жастардың белсенді физикалық және әлеуметтік белсенділікпен айналысуына кедергі келтіретін кедергілерді талқылап, өз ұсыныстарын айтты.
Кейін қатысушылар мониторинг нәтижелерін, проблемалық аспектілерді және жастардың спорт инфрақұрылымы мен денсаулық сақтау бағдарламаларына қолжетімділігін жақсарту жолдарын талқылады.

Нұрила НҰРБОЛҚЫЗЫ