ЖОЛ МЕН СУ САПАСЫНА ШАҒЫМДАНДЫ

«Қызылтас» саяжай аймағының тұрғындары жолдардың нашарлығы мен ауызсу сапасының төмендігіне алаңдаулы.
Олардың айтуынша, негізгі қатынайтын жолдардың сапасы тозған. Күз бен көктем мезгілінде аумақ түгелдей батпаққа айналып, көліктер батып қалса, үйлеріне келетін ауызсу ішуге жарамсыз деген шағымдарын білдірді.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, биыл аумақта инфрақұрылымды жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 17 көшеге жарық орнату жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Сондай-ақ 24 шақырым су құбыры тартылғанымен, кейбір тұрғындар жаңа жүйеге қосылмаған.
Жол жөндеу бойынша төрт көшені асфальттау жоспарланған. Оның 2 шақырымы аяқталды, ал Орталық көшедегі жұмыстар қарашада бітіреді деп жоспарлануда.
Әкімдік барлық жобалардың ерекше бақылауда екенін хабарлады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ
