ӘЙЕЛДЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫ

0
26

28 күні Бейсен Құранбек атындағы журналистер үйінде Жетісу облысындағы әйелдер мен қыздардың қаржылық, құқықтық сауаттылығын және көшбасшылық әлеуетін арттыруға бағытталған кездесу өтті. Аталған шараның спикерлері Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы 

Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы, Қаржы саласының эксперті, бизнес-тренер Әсел Жарасқалиқызы, заң саласының кеңесшісі, оратор Даулетбаев Ержан Жанатұлы. Кездесуде тұлғалық даму, мақсат қою, уақытты тиімді жоспарлау, командалық жұмыс, шешім қабылдау, конфликтіні басқару және көшбасшының негізгі қасиеттері жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар рөлдік ойындарға қатысып, өмірлік жағдайларды талдап, өз көшбасшылық стильдерін анықтауға мүмкіндік алды. Сондай ақ Әсел Жарасқалиқызы қатысушыларға жеке қаржыны басқару, бюджет құру, жинақ жасау, инвестиция негіздері және қаржылық қауіпсіздік тақырыптарын жүйелі түрде түсіндірді. Қатысушылар нақты құқықтық жағдайларды шешуді үйреніп, практикалық дағдыларын жетілдірді.

 

 

Нұрила НҰРБОЛҚЫЗЫ