Тәуелсіздік күніне арналған әскери-патриоттық іс-шара өтті

0
15

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қорғас» шекара бөлімшесінің қатысуымен Крылов орта мектебінің 11-сынып оқушыларымен «Жас шекарашы» үйірмесінің жоспары аясында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған әскери-патриоттық іс-шара өтті.
Шара барысында оқушыларға шекара қызметінің маңызы, Отан қорғаудың жауапты міндеті түсіндіріліп, ел тәуелсіздігі жолындағы ерлік пен батырлық туралы тағылымды әңгімелер айтылды. Мұндай кездесулер жас буынның бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталып, алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті