«Күз–2025» жас сарбаздарымен «Көңілді тапқырлар алаңы» сайысы өтті

0
14

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Техникалық және кәсіптік даярлау бөлімінде «Күз–2025» жас шақырылымының қатысуымен «Көңілді тапқырлар алаңы» сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – жас сарбаздардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, тапқырлық пен ұйымшылдықты арттыру, сондай-ақ әскери ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру болды. Қатысушылар өзара әзіл-қалжыңға толы көріністер көрсетіп, зеректігі мен шапшаңдығын танытты.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті