Үшаралда оқушыларға «Ел қорғау – ерлік пен намыс жолы» тақырыбында сабақ өтті

0
13

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының ұйымдастыруымен Үшарал қаласындағы Абай атындағы орта мектепте 8–11 сынып оқушыларына арналған «Ел қорғау – ерлік пен намыс жолы» тақырыбында тағылымды сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға Отан қорғаудың мәні мен маңызы, шекара қызметінің жауапты міндеттері түсіндіріліп, елдік пен патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталған мазмұнды әңгімелер айтылды. Іс-шара жас буынның бойында отансүйгіштік сезімді нығайтуға арналды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті