«Тәуелсіздік – ұлт рухы, болашақтың тірегі» атты іс-шара өтті

0
22

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Қорғас шекаралық бақылау басқармасының «Нұр жолы» шекаралық бақылау бөлімінде жеке құрамның қатысуымен 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – ұлт рухы, болашақтың тірегі» тақырыбында патриоттық іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында ел тәуелсіздігінің тарихи маңызы, ұлттық рухты сақтау мен Отанға адал қызмет етудің жауапкершілігі туралы тағылымды әңгімелер айтылып, жеке құрамның патриоттық сезімін нығайтуға баса назар аударылды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті