Панфилов шекарашылары балаларға арналған мәдени демалыс іс-шарасын ұйымдастырды

0
16

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы Жаркент қаласындағы «Жетісу облыстық №4 арнайы мектеп-интернат» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған мәдени демалыс іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге, олардың рухани дүниесін байытуға және көтеріңкі көңіл күй сыйлауға бағытталған бағдарламалар ұсынылды. Мұндай игі бастамалар жас өрендерге қамқорлық көрсетіп, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті