Екіашада діни сауаттылықты арттыруға арналған сұхбат өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Екіаша» шекара бөлімшесінің жеке құрамымен Екіаша ауылының имамы Ильяс Жақанаев «Діни сауаттылық деңгейін арттыру, дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау» тақырыбында сұхбат жүргізді.
Кездесу барысында дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстану, діни экстремизмнің алдын алу, адамгершілік пен жауапкершілікті нығайту мәселелері талқыланды. Шара жеке құрамның рухани тәрбиесін күшейтуге және құқықтық-діни мәдениетін арттыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
