МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және заң мен тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады. Марапатқа әртүрлі салада табысты еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері және өзге де мамандар ие болды.
Марапатталғандардың қатарында жоғары лауазымды тұлғалар бар. Атап айтқанда, Олжас Бектенов, Ерлан Қошанов, Мәулен Әшімбаев, Ерлан Карин, Аида Балаева және Нұрлан Әбдіров мемлекеттік наградаларға ие болды.
Сонымен бірге құқық қорғау саласының басшылары – Берік Асылов пен Ержан Сәденов те марапатталды. Парламент депутаттары Айдос Сарым мен Ринат Зайытов та Президент қолынан награда алды.
Сонымен қатар, Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева «Парасат» орденімен марапатталды.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»
