Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының 102 жылдығына арналған салтанатты шара өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының құрылғанына 102 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті.
Аталған іс-шара шекара қызметінің қалыптасу тарихын дәріптеу, әскери дәстүрлерді насихаттау және жас буынға патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды.
Салтанатты жиын барысында шекара басқармасының қызметтік жолы мен жетістіктері атап өтіліп, қызметте ерекше көзге түскен әскери қызметшілер марапатталды. Сонымен қатар, ардагерлерге құрмет көрсетіліп, олардың ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегі ерекше атап өтілді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен рухани әсер сыйлады.
