«Лепсі» шекара бөлімшесінде алғашқы көмек көрсету бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді

0
33

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы қарасты «Лепсі» шекара бөлімшесі жеке құрамымен кездесу өтті.
Кездесу барысында ауыл дәрігері әскери қызметшілерге алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері, жарақат алған жағдайда жасалатын шұғыл әрекеттер және түрлі аурулардың алдын алу шаралары жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді. Сонымен қатар, денсаулықты сақтау, жеке гигиена талаптарын орындау және маусымдық аурулардың алдын алу жолдары кеңінен айтылды.
Іс-шара жеке құрамның медициналық сауаттылығын арттыруға және төтенше жағдайда жедел әрекет ету дағдыларын нығайтуға бағытталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті