«Нұр жолы» өткізу пунктінде мектеп оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды

0
34

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы «Нұр жолы» өткізу пункті аумағында Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушылары үшін таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында мектептің профориентологы Елдана мен әдеп-құқық менторы Айдана Бейсенғалиқызының жетекшілігімен оқушылар Шекара қызметінің күнделікті қызметімен танысып, шекаралық бақылау үдерістері мен қызметтік міндеттер туралы толық ақпарат алды.
Сонымен қатар, іс-шара аясында оқушылармен шекарашы мамандығының ерекшеліктері туралы әңгіме жүргізіліп, оларды болашақта осы салада қызмет атқаруға шақыру бағытында кәсіби бағдар беру жұмыстары өткізілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті