СТУДЕНТ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

0
27

Талдықорғанда 20 жастағы студенттің қаза болуына байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Әлеуметтік желіде Талдықорған қаласында 20 жастағы студенттің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 7 мамыр күні футбол матчын бірге көріп отырған жастар арасындағы жанжалдан кейін болған.
Марқұм Жанғыр Нұрланұлы сол күні кешке достарымен футбол көру үшін танысының үйіне барған. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, отырыс барысында жастар арасында келіспеушілік туындап, арты қайғылы жағдайға ұласқан. Алдын ала дерек бойынша, 17 жастағы жасөспірім студентке пышақ жарақатын салған. Жас жігіт алған жарақатынан көз жұмған.
Жетісу облысы полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Ведомство мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сот санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция істің тергеуі департамент басшылығының бақылауында екенін хабарлады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»