ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҰБТ БОЙЫНША ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШ 136 БАЛЛ

Күні кеше Талдықорған қаласында мектеп түлектеріне арналған бітіру кеші өтіп, 27 жалпы орта білім беретін мектеп пен 1 кешкі (ауысымды) мектептің 1756 түлегі орта білім туралы аттестаттарын қолдарына алды. Олардың ішінде 75 оқушы «Алтын белгі» иегері, 102 оқушы үздік аттестат иегері атанды.
ҰБТ нәтижелері бойынша қала мектептерінің үздік түлектері де белгілі болды. «Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясы» КММ-нің 11-сынып оқушысы Ғабиденқызы Айзере 136 балл жинап, «Алтын белгі» иегері атанды.
Сондай-ақ «Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп» КММ түлегі Нуржанова Анель 135 балл жинап, жоғары нәтиже көрсетті. Ал «М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы» КММ оқушысы Әмірхан Кәусар Мұхтарқызы 133 балл жинап, үздік аттестат иегері атанды.
Жалпы, биылғы түлектердің білім сапасы жоғары деңгейде болып, бірқатар оқушылар қала бойынша үздік нәтижелермен көзге түсті дейді, қалалық білім бөлімі мамандары.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ










