ҚАНАТ ҚАҚҚАН ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ!

0
38

22 маусым күні Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Журналистика» және «Қоғаммен байланыс» мамандықтарының 4-курс студенттері оқуын аяқтап, дипломдарын алды.

Түлектер үшін ерекше күнге арналған салтанатты шараға Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қатысып, жас мамандарды құттықтады.
– Құрметті түлектер, ата-аналар мен ұстаздар! Бүгін сіздер үшін маңызды күн. Төрт жыл бойы алған білімдеріңізді енді өмірде қолданатын уақыт келді. Алдағы жолдарыңыз ашық болып, таңдаған мамандықтарыңыздың жақсы маманы атануларыңызға тілектеспін. Баршаңызды диплом алуларыңызбен құттықтаймын! – деді қала әкімі.
Биыл аталған екі мамандық бойынша 35 студент оқуын тәмамдады. Оның ішінде төрт студент қызыл диплом иегері атанды. Олар: Сәкен Зейнеп, Арайлым Мұхитқызы, Ханчукаева Хава және Смагулова Эльмира.
Шара барысында үздік түлектердің атынан Смагулова Эльмира сөз сөйлеп, ұстаздарына алғыс білдірді.
«Журналистика» мамандығы түлектеріне дипломдарды «Жетісу Медиа» басшысы Ришад Тұрғанбаев табыстады. Ол жас журналистерге кәсіби жолда сәттілік тілеп, алған білімдерін ел игілігі үшін пайдалануға шақырды.
Ал «Қоғаммен байланыс» мамандығының түлектеріне дипломдарды «Жетісу телерадиокомпаниясы» ЖШС директорының бірінші орынбасары Жазира Бектемисқызы Исаева тапсырды.
Салтанатты кеш әнші Дәурен Оқаповтың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталды. Осылайша тағы бір түлектер легі университет қабырғасымен қоштасып жаңа өмірге жол тартты. Түлектерге БАҚ саласынан өз орнын тауып, білікті журналист болуды тілейміз!