Жомарттық – жүректен

0
39

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына меценат Ерболат Хамитов жүрек қызметін тексеруге арналған «Аксиона» медициналық аппаратын сыйға тартты. Заманауи құрылғы әскери қызметшілердің денсаулығын бақылауға және медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Медицина саласына 12 жылдан астам уақыт қолдау көрсетіп жүрген Ерболат Сәбитұлы бұған дейін де түрлі медициналық мекемелерге қажетті құрал-жабдықтар табыстаған.
Жомарт азаматтың бұл игі ісі – Отан шебін күзетіп жүрген әскери қызметшілердің денсаулығына деген қамқорлықтың жарқын көрінісі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті