Әскер – ер жігітті шыңдайтын өмір мектебі

0
35

Әскер – ер жігітті шыңдайтын өмір мектебі

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Шындалы» шекара бөлімшесінде қатардағы жауынгер Мұхаметәлі Мейрамбек Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жүр.
Алматы облысы Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген жас сарбаз әскери қызметте тәртіптілігімен және жауапкершілігімен ерекшеленіп, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін 10 күндік көтермелеу демалысына ие болды.
Мұхаметәлі үшін әскер – тәртіпке, төзімділікке және жауапкершілікке тәрбиелейтін үлкен өмір мектебі.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті