«Көктем-2026»: жас сарбаздар ардагерлермен кездесті

0
36

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Ынталы» шекара бөлімшесінде «Көктем-2026» шақырылымының жас сарбаздары «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің ардагерлерімен кездесті.
Кездесу барысында ардагерлер әскери қызметтің маңызы, Отанға адал қызмет ету және шекарашы мамандығының жауапкершілігі туралы әңгімелесіп, жас сарбаздарға ақыл-кеңестері мен өмірлік тәжірибелерін бөлісті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті