Жақсы дәстүр жалғасын табуда

0
31

Жақында Панфилов қаласы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары Тимур Кулыбаевтын Халық қайырымдылық қорының «Ауыл спорт» жобасы аясында баскетболдан өткен халықаралық турнирге қатысып, жүлделі 2-орынға көтеріліп, күміс медальмен марапатталды. Атап айтқанда, Кырғызстанның Бостер қаласында өткен 2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бұл турнирде біздің оқушыларымыз жоғары денгейде енер керсетіп, ел намысын абыроймен қорғады. Жеңіске деген жігер мен құлшыныс танытып, «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» жанқиярлықпен ойнаған біздің оқушылар шыңдалған шеберліктерімен және ойлы ойын тактикасымен қарсыластарын қапы қалдырып отырды. Чемпиондық тұғырға көтерілуі үшін оқушыларымызға сәл ғана сәттілік жетіспей қалды. Дегенмен, Бекдос Қабдолда баулыған біздің баскетболшыларымыздың кілең мықтылар жиналған байрақты бәсекеде енкінші орын алуының өзі жеңіспен пара- пар деуге әбден болады. Сондықтан, балғын баскетболшыларымыздың жеңісті жолы әлі алда деген сеніміміз зор.
Мектебіміздің тағы бір оқушысы Қарақат Рахыбай Филиппин мемлекетінің астанасы Манила қаласында өткен самбодан Азия-Океания чемпионатында 47 келі салмак дережесінде татамиге шығып, жекпе-жекке шыққандарды алып та жығып, шалып та жығып, қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тағынды. Сүйсінерлігі сол, осы жеңісінің арқасында Алмас Оралов самбоның қыры мен сырына үйретіп жүрген Қарақат қызымыз жасөспірімдер арасында өтетін әлем чемпионатына жолдаманы қалтасына салды.
Таиланд мемлектінің Паттайе қаласында грек-рим күресінен U20 жастағылар арасында өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Еркебұлан Әнәпия боз кілемде тамаша шеберлігімен тәнті етті. Еркебұлан тек алтын медаль үшін болған ақтық белдесуде ғана ұпай санымен қарсыласына жол беріп, жеңіс тұғырының екінші сатысына көтеріліп, күміс медальға ие болды. Тағы бір спортшымыз Алмас Мұсақан да тәп-тәуір өнер көрсетіп, жүлде үшін белдесуде ғана ұтылып қалды. Бұларға грек-рим күресінің әліппесін үйреткен тұңғыш бапкерлері Абылай Ахметбеков.
Осылайша, біздің спортшыларымыз қалыптасқан дәстүрді жалғастыра отырып, жақсы жетістіктерімен жерлестерін қуанышқа бөледі.

Дархан ОРАШ,
Панфилов ауданының №1 балалар

мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскер