Айгерім алтын медаль алды

0
36

Бұл күндері Астана қаласында велосипед спортының велотрек түрінен Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтіп жатыр, бұған жетісулық велошабандоздар да белсене қатысу үстінде.

Бұл байрақты бәсекеде «Ж.Үшкемпіров атындағы Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің спортшысы Айгерім СМАИЛКАНОВА юниор қыздар арасында, спринт жарысының қорытындысы бойынша, алдына жан салмай, алтын медальмен қоса «Ел чемпионы» деген құрметті атақты жеңіп алды. Айгерімге және командаластарына алдағы жарыстарда да табыс тілейміз!

Өз тілшіміз