ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

0
33

Салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту мақсатында Талдықорған қаласында велошеру ұйымдастырылды. Спорттық шара 13 тамыз күні таңғы сағат 7:00-де Бикен Римова атындағы театр алдынан басталды.

Велошеруге қала тұрғындары белсенді қатысып, велосипедпен шаһар көшелерін аралады. Қатысушылар таңғы серуенді спортпен ұштастырып, көтеріңкі көңіл-күймен жақсы әсер алды.
Шараның басты мақсаты – тұрғындарды белсенді өмір салтына баулу, денсаулықты нығайту және бұқаралық спортқа қызығушылықты арттыру. Осындай игі бастамалар қала тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз септігін тигізеді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ