ХАБАРЛАНДЫРУ

0
36

Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары! Қалалық ардагерлер кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарында жыл сайын дәстүрлі түрде «Қарттардың да өнерге бар таласы» айдарымен өткізіліп келе жатқан өнер жарыстары жалғасын табуда.
Осы бағдарлама бойынша ардагерлер арасында кезекті ән байқауы өтетінін хабарлаймыз. Ұйымдастыру алқасының ұйғарымы бойынша іріктеу жарысы 2026 жылдың 14 қыркүйек күні, ал гала-концерт 17 қыркүйек күні қалалық Мәдениет сарайында өтеді.
Байқауда Дәстүрлі әндер және Қазақстан композиторларының кең тараған әндері орындалады.
Берілген уақытта сапалы дайындалып жақсы әндерімен көрінеді деп сенеміз.
Байқау ережесі әділқазылар алқасының шешімімен қосымша хабарланады.

Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесі