«Алатау» газетіне алғыс айтамыз!
— дейді, Республикалық «Ерлік.Даңқ» іздестіру отрядының командирі Арман Мұқанов.
Газетке екі рет «Іздеу саламыз» деп хабарлама жазып, Ұлы Отан соғысында «хабарсыз кетті» деп есептелген жауынгер Қаратал ауданы Қызыл балық ауылының тумасы Жылысбаев Әбдуәлидің туыстарының табылып, отряд командирімен байланысқа шыққанын хабарлаймыз. Волонтёрлар атынан газет ұжымына алғысымызды білдіремз! Осыны WATS APP арқылы хабарлауды жөн көрдік. Алдағы мақсат – жауынгердің табылған медальонын туыстарына табыстау.
Осындай мәселені шешу қарасты-рылуда. Өйткені жауынгер сүйегін іздеуге атсалысқандар арасында Ресей, Беларусь, Польша сияқты елдердің волонтерларының басын біріктіретін Халықаралық ұйым бар.
Сіздерден тағы бір жетісулық майдангер, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгердің туыстарын іздестіруіңізді өтінемін. Ол — талдықорғандық Александров Леонид Данилович.
Құрметпен Арман Мұқанов,
республикалық іздестіру
отрядының командирі
