Ақсу ауданының 31 ауылына газ тартылады

0
21

Ақсу ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев жылдың соңына дейін Жетісу облысында табиғи газбен қамтылған адам саны 518 мыңға жетеді. Бұл ретте Ақсу ауданының 31 ауылына газ тарту жұмыстары биыл басталады деді облыс әкімі , — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесуде өңір басшысы ауыз сумен қамту мәселесіне де тоқталды. Ақсу ауданында орталық ауыз сумен қамту көрсеткіші — 99,7%. Биыл Бәйтерек, Алтынарық, Қопа, Ақтоған ауылдарындағы су құбырын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Бұл ретте Бейбіт Исабаев Жансүгіров ауылының тұрғындары үшін 3 ұңғымадан су алынып отырғандықтан, мекеменің электр энергиясын тұтыну шығындарын азайту мақсатында және тұрғындарды үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету үшін келесі жылы облыстық бюджеттен тиісті қаражат қарастырылып, күн панельдерін орнату жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.Қазіргі таңда облыстағы елді мекендердің 93% таза ауыз сумен қамтылған.