Жетісу облысында 22 мың тонна алма жиналды

0
23

       Өнім отандық нарыққа және экспортқа шығарылып жатыр. Өңірде жиналған жемістің жартысына жуығы Панфилов ауданында өседі. Облыс аумағында үш мың гектардан асатын алма бағы болса, басым бөлігі осы ауданда орналасқан, деп хабарлайды 24KZ.

Айдарлы ауылындағы 500 гектар алма бағында күзгі жиын-терім науқаны қызу. Сабағынан үзілгелі тұрған жемісті уақытылы жинау үшін алыс-жақыннан мың жарым адам жұмылдырылған. Облыс бақтарынан биыл 22 мың тонна алма жиналды. Оның 1100 тоннасы қоймада сақталады. Бұл қыс мезгілінде жергілікті халықты өңірде өндірілген өніммен қамтуға жеткіліксіз. Сондықтан жеміс бағын көбейту көзделіп отыр дейді, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев. Жалпы, өңірде 39 қойма бар. Онда жылына 40 мың тонна жеміс-жидек сақталады.